ҚоғамСаясатТехнология

Шекарадағы қылмыстарды жасанды интеллект анықтайтын болады

Кеден саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында келер жылы соңғы буынды технологиялар енгізіледі, деп жазады TuraNews.kz ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын талқыланды.

Осы орайда сенатор Геннадий Шиповских болашақта кедендік бақылауда жасанды интеллектіні қолдану жоспары жайында сұрады.

Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салада соңғы буынды технологияларды енгізу жалғасып жатқанын айтты.

«Қазір біз инспекторлық тексеру кешендері арқылы түсірілетін рентген суреттері адами факторды азайту үшініске асырылып жатыр. Яғни бұл бағытта жасанды интеллект енгізіп отырмыз. Осы тұрғыда жемқорлық жағдайларын азайтып, заңсыз әрекеттерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді», – деді Е. Біржанов.

Оның айтуынша, қазір қызметкерлер жетон қолданған кезде аудио жазбаны адам емес, жасанды интеллект тексереді. Бұл соңғы буынды технологиялар сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған.

«Осы бағытта күмәнді әрі қауіпті сөздерді анықтау жүйесін енгізу ескерілген. Бұл ретте қазір тестілеу іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Келер жылы жаңа бақылау түрлерін енгіземіз», – деді вице-министр.

TuraNews

Back to top button