Әлем

Шавкат Мирзиёев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 30 қазан күні Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубаничбек Омуралиевті қабылдады, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның ұйымға төрағалығы аясында бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен оның алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Өткен кезеңде Түркі елдерінің көпжақты әріптестігі жаңа қарқынмен дамығанын айта кеткен жөн. Жүзден астам іс-шара өткізілді, практикалық ынтымақтастықтың бірқатар жаңа бағыттары ашылды.

Сондай-ақ Өзбекстан Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының толыққанды мүшесі болды.

Кездесу барысында ТМҰ аясында сауда, «жасыл» экономика, инвестициялар, инновациялар, көлік-логистика, туризм, экология, жастар саясаты, Түркі халықтарының мәдени-тарихи мұрасын насихаттау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

TuraNews

Back to top button