Қоғам

Сәтбаев қаласында алғаш рет «Жеңіс саябағында» балаларға арналған аттракциондар орнатылады

Өткен жылы бұл жоба қала тұрғындарына таныстырылған болатын. Биыл бастама нақты іске асып, Шымкент қаласынан инвестор тартылды. Аталған инвестордың Астана қаласындағы «Жетісу» саябағында да аттракциондары бар.

Жоба толықтай жеке инвестор есебінен жүзеге асырылуда – бюджеттен ешқандай қаражат бөлінген жоқ.

Инвестор Жеңіс саябағын 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға алып, өз қаражаты есебінен заманауи аттракциондар орнатады.

Әлеуметтік желілерде тараған кейбір жарияланымдарға байланысты мердігер түсініктеме берді. Аттракциондарды тасымалдау барысында олардың кейбір бөліктерінде ұсақ сызаттар пайда болған. Барлық кемшіліктер толықтай жойылып, аттракциондар талапқа сай қалпына келтіріледі.

Жоспар бойынша бір ай ішінде жаңа ойын-сауық нысаны пайдалануға беріледі. Бұл – қаламыз тарихында алғаш рет жүзеге асып отырған жоба

TuraNews

Back to top button