Өзбекстанның Самарқан қаласында Түркі әлемінің 2-ші Медицина құрылтайы өтті, деп хабарлайды Turanews.kz.
Түркі Мемлекеттері Ұйымы Денсаулық сақтау министрлерінің Екінші жиналысында сөз сөйлеген ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның барлық серіктестік түріне дайын екенін айтты.
Түркі әлеміне жер сілкінісі кезінде көрсеткен ұйымшылдығы үшін алғыс білдірген министр Кожа «бауырластығымыздың шынайылығын жер сілкінісі кезінде жақыннан көрдік» деді.
Түркі әлемі Жедел медициналық құтқару жасағының жүзеге асырылатынын да мәлімдеген министр оқу жұмыстарының келесі ай Измир қаласында басталатынын білдірді.