ӘлемСаясат

Садыр Жапаров жұмыс сапарымен Ресейге барады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 8 мамырда өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық саммитіне және 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады.

Бұл туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлім етті.

Ақпаратқа сәйкес, саммитте мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру барысы мен Еуразиялық экономикалық одақтың 2023 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын талқылайды.

TuraNews

Back to top button