Қоғам

Республика бойынша 25 мыңнан астам волонтер қызмет көрсетіп жатыр

Елімізде болған су тасқынына байланысты волонтерлар барлық аймақта жұмыс жасап жатыр.

Волонтерлардың ең басты атқарып жатқан жұмыстары зардап шеккен тұрғындарды ыстық тамақпен, жылы киіммен, жататын төсек орындарымен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғындардың денсаулығы сыр берген жағдайда дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Айбек Досымбетов ОКҚ алаңында хабарлады.

«Волонтерлар жалпы ұйымдасқан топтары құтқару қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарынын жасап жатыр. Жалпы республика бойынша барлық 20 аймақта жедел жері телефондары іске қосылған. Гуманитарлық көмек жинау орталықтары ашылып, бұл көмек зардап шеккен аймақтарға жіберіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Бұл көмектің 370 тоннасы қажетті елді мекендерге жеткізілген болатын. Жалпы республика бойынша 25 мыңнан астам волонтерлар түрлі қызмет көрсетіп жатыр. Біздің апат аймағындағы облыстардың тікелей сол жердегі зардап шеккен тұрғындарға және құтқарушыларға көмек көрсетумен айналысты. Оңтүстік өңірдегі волонтерларымыз гуманитарлық көмекті жинап, оны сұрыптаумен айналысып жатыр және соны уаақтылы қажет ауылдарға қажетті облыстарға жөнелту жұмыстарын ұйымдастырып жатыр»,-деді спикер.

 

TuraNews

Back to top button