Ресейлік қандастардымыз мемлекеттік наградамен марапатталды
ҚР Президенті ресейлік қандастарды мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік қандастарды мемлекеттік наградамен марапаттады, Бұл туралы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан мәлім етті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі мен халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды:
— Ресей Федерациясы Красноярск қаласының «Ақ Жайық» жергілікті қазақ ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Гүлнар Ғарифқызы;
— «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының негізін қалаушы, «Омбы қазақтары» өңірлік мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, Ресей Журналистер одағының мүшесі Торғын Мұхамедиярқызы марапатталды.
30 желтоқсанда Қазақстанның Мәскеуде орналасқан елшілік ғимаратында марапатты еліміздің Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев табыстады.
Қор мәліметіне сүйенсек,Гүлнар Гарифқызы 2012 жылдан бастап Красноярск өлкесінің аумағында қазақ мәдениетін сақтауға және насихаттауға баға жетпес үлес қосып келеді.
Торғын Мұхамедиярқызы 2008 жылы «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымын құрды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптеуге, әсіресе жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды, тіл мен мәдениетті дамытуға көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Ұйымның ең танымал жобалары: жалпықалалық Наурыз, «Ару қыз» — талант және сұлулық байқауы, «Достық лигасы» жастар бүкілресейлік ұлтаралық форумы, қазақ жастарының «Алға»форумы және тағы басқа.