Басты

Ресейдің Қазақстанмен шекарасында ірі өрт тұтанды

13 сәуір күні сағат 13:30-да Ключевск орман шаруашылығының өрт-бақылау мұнарасының кезекшісі Қазақстан жағынан түтінді байқаған. Бұл туралы altapress.ru Алтай өлкесінің Табиғатты қорғау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

От Қазақстанмен шекарада жалындап жатыр. Авиациялық орман күзетінің ақпаратына сәйкес, жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 км жерде өшіре алды.

Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде түкұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Жағдайды екпінді жел қиындатып отыр.

Жалын үйлерге жақындаған жағдайда көмек көрсету үшін құтқарушылар Бастан ауылына және таяу орналасқан өзге де елді мекендерге жетті. Барлық халық өрт қаупі туралы ескертілді.

TuraNews

Back to top button