Қоғам
Референдум: Түркістан қаласындағы учаскелерде ұлттық қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылуда
Түркістан қаласындағы №931 дауыс беру учаскесінде ұлттық қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келушілерге мастер-класс өткізіліп жатыр.

Жәрмеңкеде шеберлер ағаштан жасалған ұлттық аспаптар мен былғарыдан тігілген бұйымдарды тұрғындардың назарына ұсынды. Сондай-ақ, қыш-құмыралар мен картиналар көрмеге қойылды.
Айта кетейік, дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді.
Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады.