Басты
Қытай мен Қырғызстан аумағында тағы бірнеше мәрте жер сілкінді

Алматыда бүгін түнімен афтершоктар үзілген жоқ. Түнгі екіден бері төртеу болды. Дәл қазір сейсмикалық стансалар желісі тағы екі жер сілкінісін тіркеді.
Бұл жолғы дүмпу таңғы сағат 08:39 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында.
- Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.3.
- MPV магнитудасы — 4.4.
- Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Афтершок он-он бес минутта тағы қайталанды. Астана уақытымен таңғы 08:54 шамасында.
Дүмпудің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында.
- Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.4. MPV магнитудасы — 5.1.
- Тереңдігі — 5 шақырым.
- Алматыда сезілген жоқ.
Жалпы соңғы төрт жер сілкінісін де қазақстандықтар сезбеді.
Мұның алдында таңғы 05:50 және 07:35 кезінде екі зілзала болған еді.