БастыСпорт

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 11 ақпандағы жарыс кестесі

11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.

Бүгін 7 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

14:00 — шаңғы қоссайысы, қалыпты тұғыр
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.

15:00 — фристайл-могул, екінші іріктеу (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

17:45 — шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.

18:15 — биатлон, жекелей жарыс (әйелдер)
Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева.

18:15 — фристайл-могул, финал (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова (іріктеуден сәтті өткен жағдайда).

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Олимпиаданың үшінші күні Норвегия құрамасы 6 медаль еншілеп, жалпы есепте әлі көш бастап келе жатыр.

Source
Казинформ

TuraNews

Back to top button