Әлем

Қырғызстанға 80 млн рубль алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) мамандары Қырғызстанға 80 млн рубль (909 мың доллар) алып өтпек болған Наманған облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінен мәлімдегендей, 1990 жылы туған азамат Lacetti маркалы көлігімен шекараға қарай бет алған. МҚҚ мамандары оны Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Али-Букин ауданымен шектесетін Наманған облысындағы Янгиқорған елді мекенінде тоқтатып, көлігін тексерген.

Оның барысында салоннан 3 полиэтилен пакетке оралған 79,99 млн рубль (909 500 доллар) табылды. Ұсталған курьер шекара арқылы ақша өткізіп бергені үшін 300 доллар ақы алмақ болған.

Оның үсітнен ӨР Қылмыстық кодексінің «Аса ірі мөлшерде кеден заңнамасын бұзуға дайындалу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button