Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Молдо Тоо жотасының тауларында, Мин-Куш кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым, Ақ-Бұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым, Қош-Бұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым, Бішкек қаласынан оңтүстікке қарай 145 шақырым жерде жатыр.
Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Мин-Кушта шамамен 2,5 балл.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, ғимараттарға зақым келмеген.