Қоғам
Қырғызстандағы су тасқынынан қаза тапқан 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімемдеме жасады.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала – Қазақстан азаматтарының денесі табылды.
Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді еліміздің Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр, – деп толықтырды ведомство.
Жақын арада еліміздің Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза болған барлық 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі.
Бұған дейін көрші елдегі сел тасқыны салдарынан екі қазақстандық баланың көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.