Ошта сел алып кеткен бесінші азаматтың денесі Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы каналдан табылды, деп жазады Кабар ақпарат агенттігі.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көрші елдің құтқарушылары қырғызстандық әріптестерінің өтініші бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп, 1985 жылы туған азаматша Б.А.-ның денесін тапты.
Қаза болған әйелді 14 шілдеде Оштың орталық базарынан сел ағызып әкеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын.