БастыМәдениетСпортЭкономика

Қырғызстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Ат чабыш» монетасы шығарылды

«Ат Чабыш» коллекциялық монетасы Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие.

Қырғызстанның Ұлттық банкі 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» сериясының «Ат Чабыш» (Ат жарысы) күміс коллекциялық монетасын 1 тамыздан бастап айналымға енгізді, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі.

«Ат Чабыш» — қырғыз халқының ертеден тараған спорт түрі, яғни алыс қашықтыққа жүгіретін ат жарысы. Бұл спорт түріне қатысу үшін алыс қашықтыққа шабатын жүйрік аттар таңдалады. Әртүрлі ұлттық мерекелерде ат жарысы дәстүрлі түрде өткізіліп, бұл дәстүр бүгінде де жалғасын табуда.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) таға тәрізді стильдендірілген ипподром фонында жүйрік екі салт атты бейнеленген. Ал, монетаның жоғарғы бөлігінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының эмблемасы және монета атауы «Ат Чабыш» деген жазу бар. Монетаның номиналы — 10 сом.

©Нацбанк КР

Артқы жағында жүйрік аттылар бейнеленген алдыңғы беттің сюжеті жалғасады. Монетаның ортасында Қырғыз Республикасының елтаңбасы, жоғарғы және төменгі бөліктерінде «Дуйнолук кочмундор ойындары / Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» деген жазу бар.

Айта кетейік, «Ат Чабыш» коллекциялық монетасы Қырғыз Республикасының аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие.

 

TuraNews

Back to top button