Басты

Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді

Зардап шеккендер мен келген шығын жайлы ақпарат нақтыланып жатыр.  

Кеше 18:30 шамасында Қырғызстанның Жалалабад облысы Арыстанбап ауылында жаңбырдан кейін су тасқыны жүріп өтті. Бұл жайында жергілікті Kabar агенттігінен хабарланды. 

Ақпарат көздері Жалалабад облысы Базарқорған ауданында селден ішкі жолдар мен жеңіл конструкцияларға зақым келгенін жеткізді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сенсек, қазір жолдар ашық тұр. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

18:55 кезінде сел жүрген аймаққа ТЖМ жедел қызметі мен өңірлік ведомствоның басшысы Абдулнасыр Закиров аттанды.

Зардап шеккендер мен келген шығын жайлы ақпарат нақтыланып жатыр.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында да толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, сел жүріп өткен болатын.

Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Тасқын «Молбұлақ» демалыс орталығында тұрып жатқан 4 адамды ағызып әкетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері, яғни 44 жастағы анасы мен 19, 10 және 6 жасар үш қызы.

Кейіннен суға ағып кеткен 4 адамның денесі Өзбекстаннан табылды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button