Бұл туралы Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды қырғызстандық «Кабар» агенттігі.
Сондай-ақ Апшыр-Сай демалыс аймағынан Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшағымен бес адам, Кезарт жайлауынан 10 адам эвакуацияланды. Олар қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған азаматтарды дәрігерлер оқиға орнында тексеріп, үйлеріне жеткізді.
«Барлығы 1,3 мыңнан астам демалушы эвакуацияланды. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Ноокат ауданында сел жүріп, көпірлерді, жолдарды, электр қосалқы стансаларын шайып кеткен. Сонымен қатар сел өзен жағасында демалып жатқан адамдарды алып кетті. 1400-ге жуық демалушы Әбшір-Ата мен Кезарт жайлауында қалған. Құтқарушылар жеті адамның мәйітін тапты.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ош облысы Ноокат ауданы Әбшір-Ата ауылында сел салдарынан кәмелетке толмаған екі Қазақстан азаматы қаза тапқан. Тағы екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандарды Отанына жеткізу үшін Ош қаласына ұшақ жібереді.