ӘлемҚоғам

Қырғызстанда паранжа киіп, сақал қойғандарға айыппұл салынады

Қырғызстанда қоғамдық орындарда азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бетін жауып тұратын киім киіп, көлемді сақал қойған азаматтарға заң бойынша айыппұл салу ұсынылды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, мұндай киімді медициналық себептер бойынша киюге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл талаптың уақытша еңбек немесе қызметпен айналысатын және дипломатиялық мәртебесі бар шетелдік азаматтарға қатысы жоқ.

Бетін толығымен жасыратын және азаматтарды анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жеке тұлғаларға 20 есептік көрсеткіш (2000 сом) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Бұзушылық қайталанған жағдайда 40 есептік көрсеткіш (4000 сом) көлемінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін сақал қойғаны үшін 20 есептік көрсеткіш мөлшерінде (2000 сом) айыппұл салынады немесе 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Егер қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға ең төменгі айлық жалақының 40 есептік көрсеткіш (4000 сом) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, заңнамалық деңгейде бетті жауып тұратын паранжа киюге тыйым салуды енгізудің бастамашысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Шарапатқан Мажитова болды. Ол соңғы уақытта елде бетін толық жауып тұратын паранжа киген әйелдер саны артып келе жатқанын айтты.

TuraNews

Back to top button