
Бұл туралы Мемлекеттік салық қызметі төрағасының орынбасары Кубанычбек Ысабеков «Биринчи радио» тікелей эфирінде хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласы үшін бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін жер салығынан босату шарасы үш жылға арналған еді. Алайда ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, бұл мерзімді тағы бес жылға ұзарту жоспарланып отыр.