
Оған Орталық Азиядағы бес мемлекеттің президенттері мен Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель қатысып, саяси, аймақтық серіктестік жайын талқылайды, келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Осы саммит жұмысына қатысуы үшін Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Айта өту керек, 5+1 форматындағы дәл осындай алғашқы кездесу күзде Астана қаласында өткен еді.