
Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жер сілкінсі бүгін сағат 1:29–1:30 аралығында тіркелді, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Эпицентрде, яғни Қырғызстанның Жалал-Абад өңіріндегі жерасты дүмпуінің күші 7 балл болды. Тиісінше, Өзбекстанның Наманған (3-4 балл), Андижан (3 балл), Ферғана (2-3 балл), Сырдария облыстарында (2 балл) және Ташкент қаласында (2-3 балл) жер сілкінісі сезілді.
Қоса кетейік, аталған жер сілкінісі еліміздің Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында сезілді.