Қоғам
Қырғызстанда биік таудағы көл тасып, 160 адам эвакуацияланды
Қырғызстандағы Ыстықкөл облысында жауын-шашын салдарынан биік таудағы Зындан көлі тасыды.
Қырғызстан ТЖМ мәліметі бойынша, Ыстықкөл облысы Тон ауданы Туура-Суу ауылындағы Зындан көлінің тасуынан Тон өзенінде су деңгейі көтерілді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті билік органдары Туура-Суу ауылынан 90 адамды және балық зауыты жанындағы 70 тұрғынды эвакуациялауды ұйғарған. Олар жақын маңдағы елді мекендерге – Эшперов пен Ақсайға қоныстанған.
Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр, олар Туура-Суу ауылындағы үйлерді су басудың алдын алып жатыр. Арнайы техниканың көмегімен су ағынын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Ыстықкөлдегі қатты нөсер сел ағындарына әкеп соқтырды, нәтижесінде бірнеше ауыл мен пансионат су астында қалды, кейбір жолдарда көлік қозғалысы шектелді.