Бішкекте Астана уақытымен таңғы сағат 6:00-де (жергілікті уақыт бойынша 7:00) Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігі ғимаратында орналасқан №396 сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп хабарлайды TuraNews.kz агенттігі Kazinform-ға сілтелеме жасап.
Сайлау комиссиясының мүшелері мен қазақстандық дипломаттар референдум өтетін алаңның салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Елшіліктің мәліметінше, сайлаушылар тізімінде жеке, ресми, білім беру, іскерлік және туристік мақсатта Қырғызстанда тұратын немесе елде жүрген 300 қазақстандық бар. Олардың көпшілігі консулдық есепте тұрады.