ӘлемҚоғам

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге желіде ойын жазуға тыйым салу ұсынылды

Министрлер кабинетінің басшысы ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтпауы керектігін айтты.

Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров орынбасары Еділ Байсаловқа әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды бақылауды тапсырды, деп хабарлады 24.kg.

Оның айтуынша, ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтпауы керек.

— Салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға қайшы келетін ақпарат таратуды шектеуіміз керек. Кейбір әйелдер өз әкесін мақтап, қайын атасы мен енесін жамандайды, ажырасқан соң әлеуметтік желіге ойына келгенді жазады. Бұл жақсы үлгі емес,- деді министрлер кабинетінің төрағасы.

Айта кетейік, Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың аяғында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының саны 13 мың 104 адамды құрады. Олардың 95 пайызы әйелдер.

TuraNews

Back to top button