
Президент жанындағы Ұлттық инвестиция агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Құжат Ұлттық инвестиция агенттігі, «Қырғыз темір жолы» ұлттық компаниясы» мемлекеттік кәсіпорны және All American Rail Group Global Infrastructure Partner LLC консорциумы арасында жасалған.
Ұлттық инвестиция агенттігінің директоры Талантбек Иманов бұл Қырғызстанның теміржол саласындағы алғашқы жобасы екенін атап өтті.
— Жалпы инвестиция көлемі шамамен 3 миллиард долларды құрайды, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, көлік желісін айтарлықтай жақсартуға, ұзақ мерзімді перспективада елге экономикалық пайда әкелуге мүмкіндік береді, — деді ол.
Жоба Қырғызстанның көлік жүйесіне жаңа көкжиек ашып, көрші елдермен көлік байланысын жақсартып, экономиканы халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етеді.