БастыМәдениет
Trending

Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бейнеролигін жариялады

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді, оған 90 елден қатысушылар жиналады, деп жазады Kazinform агенттігі.

2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми промо-ролигі жарияланды.

Онда әр ұлттың өз тарихы, әр мәдениеттің өз дауысы бар екені атап өтілген. Әрбір дәстүр болашақ ұрпаққа берілгенше өмір сүреді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары адамдарды спорт, мәдениет және мұра арқылы біріктіреді.

— Үн естілетін жер. Ғасырлар мен ұрпақтар арқылы. Таулар, далалар мен жолдар арқылы. Халықтар тарихы мен олардың мұрасы арқылы. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанға оралып жатыр, — делінген бейнежазбада.

Бұған дейін 60-тан астам ел VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатынын растағаны хабарланған болатын.

 

 

TuraNews

Back to top button