ӘлемДенсаулық

Қырғызстан шетелдіктерге арналған медициналық сақтандыру полисінің құнын арзандатты

Қырғызстанда 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап міндетті медициналық сақтандыру полисінің (ММС) құны өзгереді.

Тиісті бұйрықты Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекітті, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Түзетулерге сәйкес, қырғызстандықтар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің елде заңды түрде жүрген және жұмыс істейтін жұмысшылары, Қырғызстан Республикасындағы босқындар, баспана іздеушілер және кайрылмандар үшін 12 айға міндетті медициналық сақтандыру полисінің бағасы 1840 сом болады (бұрын ол 1722 сомды құраған еді – ред.).

Жоғарыда аталған санаттағы тұлғалар үшін полис бағасы өткен жылғы әлеуметтік-демографиялық топтың ең төменгі күнкөріс деңгейіне негізделіп қалыптастырылған.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін алты айға ММС құны 5955 сом (бұрынғы құны – 8196 сом – ред.), бір жылға – 11910 сом (бұрын 16391 сом – ред.) болады. Қырғызстанда білім алып жүрген шетелдік студенттер үшін 12 айдың құны 11 910 сомды құрайды.

Жоғарыда аталған санаттағы тұлғалардың құны өткен жылғы шетел азаматтарының орташа айлық жалақысына негізделеді.

TuraNews

Back to top button