Қоғам
Қырғызстан шекарасы арқылы 100 тасбақаны заңсыз алып өтпек болған
«Достық» бақылау-өткізу пунктінде қырғыз-өзбек шекарасында шекарашылар аквариумдық тасбақалардың ірі партиясын заңсыз алып өтпек болған әрекетті тоқтатты.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, паспорттық бақылаудан өту кезінде 34 жастағы қырғызстандық рюкзагында полиэтилен пакеттерге оралған 100 тірі аквариумдық тасбақаны алып өтпек болған. Аталған азаматтың жануарларды шекарадан өткізуге арналған рұқсат құжаттары болмаған.
Оның айтуынша, тасбақаларды белгісіз бір адамнан алып, Қырғызстаннан Өзбекстанға өткізуге тапсырма алған.
Құқық бұзушы мен тәркіленген тасбақалар тиісті органдарға беріліп, әрі қарай тергеу мен шара қабылдау үшін тапсырылды.