Қоғам
Қырғызстан шекарашылары Қазақстаннан контрабандалық жүк көлігін ұстады
Шағын автобусқа мотоциклдер, киім-кешек пен басқа да тауарлар тиелген.

20 шілдеде қазақ-қырғыз шекарасында ҚР МКҚК қызметкерлері Volkswagen жүк шағын автобусын тоқтатты. Көлікке халық тұтынатын тауарлар тиелген, алайда ілеспе құжаттары болмаған, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Оқиға Ыстықкөл облысының «Қарқара автожол» бақылау-өткізу пунктінде болған. Рульді Қырғызстан азаматы басқарған.
Шағын автобусқа мотоциклдер, киім-кешек пен басқа да тауарлар тиелген.
«Осы құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтауға және міндетті салық пен басқа да аударымдарды төлемеу түріндегі залал сомасын айқындауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар басталды».ҚР МКҚК