
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша елдің Төтенше жағдайлар министрлігі «Азық-түлік керуені» гуманитарлық жүгін ұйымдастырды. Тұрғындарға күнбағыс майы, қант, күріш, макарон және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ жергілікті жерде өндірілген матрацтар, киім-кешек, шатырлар жеткізіледі.
Гуманитарлық жүк тиелген автоколонна 6 сәуір күні таңғы сағат 4-те Қазақстанға аттанды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде ҚР Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Жогорку Кенештің отырысында сөйлеген сөзінде Қырғызстан жақын арада су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.