Әлем

Қырғызстан президенті екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті

Садыр Жапаров 2027 жылғы президент сайлауына түсу ниетін ресми түрде растады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қырғызстан басшысы бұл туралы журналист Әли Токтакуновқа берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

— Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсемін, — деді Қырғызстан басшысы саяси болашағы туралы сұраққа жауап бере отырып.

Садыр Жапаров барлық мүдделі кандидаттар үшін жол ашық екенін және ешқандай шектеу болмайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ сайлау процесі кезінде мемлекеттік қызметкерлерге әкімшілік қысымның толығымен жойылатынына кепілдік берді.

— Кім сайлауға барғысы келсе — барсын. Біз ешкімді шектемейміз. Сайлау ашық және заңға сәйкес өтеді, — деді ол.

 

 

TuraNews

Back to top button