Бұл туралы Қырғызстанның «Елкарт» төлем жүйесінің операторы хабарлады.
АҚШ қазынашылығы «Мир» төлем жүйесінің операторына қарсы санкция салғаны себепті, «Елкарт» операторы санкциялар тәуекелін азайту мақсатында осындай шешімге келген.
«Қайталама санкциялардың тәуекелін барынша азайту мақсатында «Елкарт» Банкаралық процессингтік орталығы ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 5 сәуірінен бастап «НСПК» АҚ-мен қарым-қатынастың тоқтауына байланысты оның инфрақұрылымындағы «Мир» банк карталарына қызмет көрсетуді тоқтататыны туралы хабарлайды», – делінген хабарламада.
Осылайшы, 5 сәуірден бастап «Мир» карталарының Қырқызстандағы тұтынушылары қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, аударым жасау қызметтерін жүзеге асыра алмайтын болады.