ӘлемСаясат

Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселеcін талқылады

Тәжікстанның Бустон қаласында Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын межелеу және орнату бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Қырғызстан Республикасы үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кездесу аясында тараптар қалған учаскелерде қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара сызығының өтуін сипаттау бойынша ұсыныстарын ортаға салды және бұл жұмысты Қырғыз Республикасының аумағында өтетін келесі кездесуде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Хабарланғандай, кездесу достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.

Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстанның 970 шақырымға жуық ортақ шекарасы бар. Соңғы бірнеше айда тараптар бір-бірінің аумағында бірлескен мемлекеттік шекараны келісу бойынша белсенді келіссөздерді кезектесіп жүргізіп жатыр. Былтыр қазан айынан бастап бүгінге дейін екі елдің үкіметтері қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 240 шақырымнан астамын келісті.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button