Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны делимитациялауды талқылады

Қырғызстанның Баткен қаласында екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметтік делегацияларының кезекті бірлескен отырысы өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады TuraNews.kz. inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан делегациясын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов, Қырғызстан делегациясын — ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев басқарды.

Кездесу барысында тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселесі бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Жұмыс топтарына тиісті тапсырмалар берілді.​​​​​​​

Тәжікстан мен Қырғызстан үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық жұмыс топтары мен құқықтық мәселелер жөніндегі жұмыс топтары қалған учаскелерде тәжік-қырғыз шекарасының жобалық желісін сипаттау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Кездесу барысында шекара маңы аудандары арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, сондай-ақ шекара маңы облыстары мен екі мемлекеттің аудандары арасындағы ынтымақтастықтың белсенді жұмысын жалғастыру қажеттігі ерекше атап өтілді.

Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.

TuraNews

Back to top button