Саясат
Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны белгілеу жұмыстарын аяқтады
Қырғызстан мен Таджикистан арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша кездесу өтті.
4 желтоқсанда Қырғызстанның Баткен қаласында Қырғызстан мен Таджикистан үкімет делегацияларының тең төрағалары Камчыбек Ташиев пен Саймумина Ятимовтың қатысуымен мемлекеттік шекараның делимитациясы мен демаркациясы бойынша кездесу өтті.
Қырғызстан Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында делегация басшылары екі ел арасындағы мемлекеттік шекарасының қалған бөліктерін белгілеу жұмыстарын толық аяқтады.
«Сонымен қатар, делегациялардың жұмыс топтарына мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша қорытынды құжаттарды рәсімдеу тапсырылды. Кездесу достық және өзара түсіністік атмосферасында өтті», -денілген хабарламада.