Қырғызстан мен Өзбекстан арасында жаңа екі шекара бекеті ашылды
Өзбекстан мен Қырғызстан арасында екі жаңа шекара бекеті – Қарасу мен Үшқорған жұмыс істей бастады.
Өзбекстанның Әндіжан облысы Қорғантепа ауданын Қырғызстанмен байланыстыратын «Қарасу» шекара бекеті осыдан 14 жыл бұрын жабылған болатын. Екі ел арасындағы келіссөздерден кейін Қарасу нүктесі қайтадан жұмысын бастады.
Жаңа шекара бекеттері Қырғызстанның Ош облысына тасымалдауды айтарлықтай жылдамдатады және ол арқылы күніне шамамен 12 мың адам өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Қарасу шекара қақпасы Ош пен Жалал-Абад қалалары арасындағы көлік қатынасын жақсартады.
Сонымен қатар, Өзбекстанның Наманган қаласында орналасқан Үшқорған шекара қақпасы ашылып, Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-саттықты дамытуға септігін тигізеді.
Айта кетейік, былтыр Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасын екі елдің азаматтарының паспортсыз жеке куәлікпен өтуіне рұқсат етілген болатын.