
Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.
Қытай тарапының бастамасымен ҚХР-да Еңбек күнін мерекелеуге байланысты мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесінде орналасқан «Торугарт-автодорожный» және «Иркештам-автодорожный» бақылау-өткізу бекеттері 1 мамырда жабылады.
Аталған бекеттер арқылы адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі 2 мамырдан бастап қайта басталады.