Бұл туралы Кабар агенттігі жазады.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қырғыз Темір Жолы» жыл сайын теміржол көлігінің тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында кәсіпкерлік субъектілерінің жүкті темір жол тасымалына және халықтың жолаушылар тасымалына қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өз көрсеткіштерін арттырып келеді.
Мәселен, Қырғызстан темір жолы 2023 жылы 9 миллион 367 мың тонна жүк тасымалдап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 345 мың тоннаға артық жүк тасымалдаған.
Жүк тасымалының өсуі Қырғыз Республикасына импорттың 116,9%-ға, сондай-ақ 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорттың 145,6%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы 247 мың жолаушы тасымалданды, оның ішінде: халықаралық қатынаста – 14 мың 283 жолаушы және ішкі қатынаста – 232 мың 717 жолаушы.
2023 жылы негізгі қызмет пен көлік кірісі нәтижесінде «Қырғызстан Темір Жолы» МК баланстық кірісі 2 млн 628 мың 269 сом болды.
Сонымен қатар, еуропалық туристік компаниялармен бірге алты туристік пойыз Жібек жолы бағыты бойынша Алматы – Бішкек – Балықшы – Ташкент – Самарқанд – Худжанд – Бұхара – Ташкент бағытында жүріп өтті.