Әлем
Қырғыз Республикасы мемлекеттік туын өзгертпек
Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кенеш депутаттары мемлекеттік тудағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды TuraNews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, Жоғарғы Кенеш спикері Нұрланбек Шакиев пен депутат Ұлан Примов тиісті бастама көтерген.
“Ту бейнесінің мағынасын екіұшты түсіндіруді жою үшін шаралар қабылдау қажет. Осыған байланысты Қырғыз Республикасының туындағы сәулелердің пішінін толқын тәрізді сәулелерден күн сәулелеріне айқын ұқсайтын пішінге өзгерту ұсынылады”, — делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, бұған дейін шенеуніктер жыртылған, түсі өзгерген және талапқа сай келмейтін мемлекеттік тулар мен елтаңбаларды пайдаланғандарға айыппұл салуды ұсынған болатын.