
Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлім етті, деп хабарлайды TuraNews.kz..
«Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 7-8 қазанда ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Ресей Федерациясына (Мәскеу) сапармен барады», -денілген хабарламада.
Алдағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастыққа мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтуге және нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданады деп күтілуде