БастыМәдениет

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясына келді

8 ақпан күні Астанада Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевты қабылдады.

Мәртебелі мейман алдымен Түркі Академиясының музейімен және басып шығарылған ғылыми еңбектермен танысты.

Өз кезегінде Шаһин Мұстафаев Академияның өткен жылғы жұмысының қортындыларымен таныстырып, қазіргі кезде арқарылып жатқан жобалар туралы баяндап берді.

Бұдан кейін тараптар алдағы уақытта өткізілетін ортақ іс-шаралар бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде Әлібек Бақаев Түркі Академиясының бастамаларына қолдау көрсетуге әзір екенін айтып, алдағы атқарылар жұмыстарға сәттілік тіледі.

Кездесуге, сонымен қатар, Түркі Академиясы президентінің кеңесшісі Тілеужан Сексенбай, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары Олжас Тоғызбаев, аталған департаменттегі Көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Еділ Мырзаханов, Академияның сапаршылары Әсем-Дария Абаева, Дінмұхаммед Әметбек қатысты.

 

TuraNews

Back to top button