Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады. Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.