Басты

Қостанай облысындағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – ҚР АШМ

2022 жылғы 4 қыркүйектегі соңғы деректер бойынша, орман өрттерінің салдарынан Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістіктерінің азғантай учаскелері бар. Бұл ретте алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілген жоқ.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығын министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылды. Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1% – дан аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы 5,3 млн га құрайды.

Қостанай облысындағы дәнді дақылдарға орман өрттері аздап зардап шекті. Фото: ҚазАқпарат

Айта кетейік, облыстың шаруалары биыл 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызған болатын.

Сондай-ақ, биыл 3 қыркүйекте өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3% жиналды, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.

Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін нақты мәлімдейді.

«Сондай-ақ, астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда диқандар 7 млн га дәнді дақыл жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады)»,-делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Source
Astana Times

TuraNews

Back to top button