Қоғам
Қоқыс тастамайық — заң талаптарын сақтайық

Көшелердің, аулалардың, саябақтар мен қоғамдық аумақтардың тазалығы — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Қолданыстағы елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес, қалдықтарды белгіленбеген орындарға орналастыруға жол берілмейді. Қалдықтарды осындай орындарға орналастырған тұлғалар ластанған аумақты өз қаражаты есебінен жинап, тазартуға міндетті.
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастамаңыз. Арнайы қоқыс жәшіктері мен контейнерлік алаңдарды пайдаланыңыз.
Тазалық — әрқайсымыздан басталады!



