
Қоғамдық тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі. Көшеде, саябақта, қоғамдық көлікте, аулаларда және басқа да ортақ орындарда әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігі қоғамдық ортаға тікелей әсер етеді.
Қоғамдық орындарда өзге азаматтардың тыныштығын бұзбау, балағат сөздер айтпау, жанжал мен агрессияға жол бермеу, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау – әр адамның міндеті.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабында «Ұсақ бұзақылық» үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталған бап қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиісу және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметсіздік танытатын өзге де әрекеттерге қатысты қолданылады.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған. Белгіленген уақытта қатты шу шығару және тыныштықты бұзатын басқа да әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау, өзгенің құқықтары мен ар-намысын құрметтеу және қоғамдық ортада мәдениетті болу арқылы біз қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастырамыз.
Тәртіп – әр адамның өзінен басталады.
Заңды құрметтеу – қауіпсіз қоғамның негізі.



