БастыСаясатЭкономика

ҚХР Мемкеңесінің вице-премьері Қазақстан мен Түрікменстанға сапарлайды

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына қатысу үшін Қазақстанға сапарлайды. Бұл туралы жұма күнгі брифинг кезінде ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлім етті, деп жазады TuraNews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚКП Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян 26-30 қараша күндері Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына, сондай-ақ Түрікменстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің 6-шы отырысына қатысу үшін Қазақстан мен Түрікменстанға барады.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитеті 2004 жылы құрылған. Оның отырыстары екі ел үкімет басшылары орынбасарларының төрағалық етуімен өтеді. Комитеттің 10-шы отырысы 2021 жылдың қараша айында бейнеконференция режимінде өтті.

TuraNews

Back to top button