Қоғам
Trending

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тыңдармандарына алғысын білдірді

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі жолының 50 жылдығына арналған есептік, мерейтойлық концертіне билет сатып алған барша тыңдармандарына алғыс айтты, деп жазады Zakon.kz.

Әншінің ұлы Әли Оқапов анасына әсем раушан гүл шоғын сыйлап, қуанышты жаңалықты жеткізді. Бұған жауап ретінде Роза Рымбаева өз ойындағы алаңдаушылығын жасырмады.

«Шыны керек, уайымдап едім. Қазір жаңа формат, жаңа жұлдыздар бар. Олар – заманауи, сәнде. Сол себепті алаңдадым. Бірақ бұл мен үшін үлкен қуаныш. Есептік концертіме барлық билет сатылып кетті! Дегенмен, қоңыраулар көп, реніш білдіргендер де, өтініш айтқандар да бар. Сондықтан тағы бір концерт өткізу туралы ойланып жүрмін. Бірақ бәрі де сіздерге, қымбатты көрермендерім мен тыңдармандарыма байланысты. Егер менің концерттеріме келуге ниет білдірсеңіздер, қолдау көрсетсеңіздер, бәлкім, тағы бір концерт ұйымдастырармыз? Мүмкін, тәуекел етіп көрерміз. Барлығы сіздерге байланысты», – деп жанкүйерлеріне үн қатты Рымбаева.

Бұл бастаманы қазақстандықтар да қолдады:

  • Бұл концертті Қазақстанның барлық қаласына қою керек деп ойлаймын. Қазақтың Розасы
  • Роза Қуанышқызы Астана қаласында концерт беріңізші!
  • Қандай керемет. Барғым келіп тұрғаны ай
  • Мен бұл концертке осы жолы Шымкенттен арнайы барамын. Шымкент пен Түркістанда болса онда да қалмас едім. Себебі жарты ғасыр Ұлт мақтанышы болған тұлға көп емес.
  • Қазақты бүкіл әлемге танытқан, Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Роза апай, сіз барлық атақ пен марапатқа лайықсыз!!!

Пікірлер қатарында Әли Оқапов та жазба қалдырып: «Меніңше, бірден екі, тіпті үш сеанс жасау керек еді», – деп жазды.

TuraNews

Back to top button