БастыСаясат

Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінде сайлау учаскесі құрылды

Атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның Бакудегі Елшілігінде сайлау учаскесі құрылды.

Әзербайжандағы Қазақстан азаматтары референдум күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бакудегі Елшілігінің жанындағы №394 сайлау учаскесіне келіп, өз сайлау құқықтарын пайдалана алады.

Шетелдік мекеме мәліметінше, бүгінде бұл учаскедегі сайлаушылар тізімінде Әзербайжанда тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген 180-ге жуық Қазақстан Республикасының азаматы бар.

Референдум өтетін күні дауыс берушінің жарамды төлқұжаты немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуы керек.

Қосымша сұрақтар үшін +994 51 255 78 64 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz сайтынан алуға болады.

№ 394 сайлау учаскесінің мекенжайы: Баку қ., Н.Рафиев көшесі, 14.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы республикалық референдум өтеді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button