Қоғам

Қазақстандықтар Өзбекстанда 30 күн тіркеусіз жүре алады

Қазақстан азаматтары Өзбекстанда барған күннен бастап 30 күн бойы тіркеусіз жүре алады, деп Zakon.kz сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Өзбекстанның Сыртқы көші-қон агенттігінің хабарлауынша, «Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы» үкіметаралық келісімге екі ел азаматтарының келу, болу және кету тәртібіне қатысты түзетулер енгізілген.

«Егер бір Тарап мемлекеті азаматтарының болу кезеңі жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға рұқсатты ресімдемей, әрбір кезеңде күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күнде ьараптар мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын болса, тұрақты тұратын жеріне қарамастан екінші тарап мемлекетінің аумағына кіреді, одан шығады, транзитпен өтеді, жүріп-тұрады», деп жазылған хаттамада.

Қазір екі елдің азаматтары басқа мемлекеттің аумағында тек бес күн ғана тіркеусіз жүре алады.

Бір тарап мемлекетінің азаматы екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда болатын тарап мемлекетінің құзыретті органдарында уақытша тұруға рұқсат алуға (уақытша тіркеуге тұруға) міндетті.

Бұл ретте құжаттан кез келген көлік түрімен шекарадан өткен кезде көші-қон карталарын алу және көрсету талабы алынып тасталды.

TuraNews

Back to top button